
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» - материалды қабылдауды жеңілдетуге, сондай-ақ кейінгі өмірде нақты жағдайларға масштабтауға болатын белгілі бір пайдалы бастапқы дағдыларды әзірлеуге арналған геймификация қағидатына негізделген жобалық оқыту.
Қазақстан кәсіпкерлігінің практикасы мен ерекшелігі, кәсіпкерліктің даму және қалыптасу тарихы негізінде пәнді құру; саналы өмірлік ұстанымды қалыптастыру және өз қызметін таңдау үшін жауапкершілікті қабылдау мақсатында коучингтік тәсілдерді пайдалану; қазақстандық және әлемдік нарықтық жағдайлардың кадрлық үрдістері аясында сұранысқа ие XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру – «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері болып табылады.
2022 жылғы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында «Қазіргі заманғы білім беру технологияларының тәсілдерімен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабақтарындағы пәнаралық кіріктіру» практикалық онлайн-семинарын өткізді.
Семинар барысында:
ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ педагогтері:
Серікбаев Ермек Мизамбекұлы, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мұғалімі;
Тұрысбеков Мұхтар Мәжитұлы, география пәнінің мұғалімі;
Қалдыбаева Орынгүл Советқалиқызы, тарих пәнінің мұғалімі «Кәсіпкерлік және бизнес, тарих және география пәндерін енгізудегі дебат технологиясын пайдалану» тақырыбын ұсынды;
ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Экономикалық лицей» КММ «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мұғалімі Сакенова Гульмира Каирболатовна «Пәнаралық интеграция оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру және оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Оқыту процесінде Lifelong learning тұжырымдамасын қолдану қаржылық сауаттылықты оқыту үшін практикалық дағдыларды игерудің тұрақты және тиімді моделін қалыптастырады.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің 100 мұғалімі қатысты.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.