
2022 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы пәндер бойынша таңдау курстарын, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастырған үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін тарату мақсатында «Авторлық бағдарлама – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шығармашылық құрамдас бөлігі» атты онлайн-семинар өткізді.
Аталған іс-шараға 100-ден астам аудандық, қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептер мен облыстың білім беру ұйымдары директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер қатысты.
Семинар модераторы - Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі, семинардың басында облыстық сараптама кеңесіне келіп түскен материалдарға қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Онлайн - семинар барысында Жанаспаева Мейрамгуль Зарлыккановна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Қазақстан мұғалімі-2020» Ұлттық сыйлығының иегері «Авторская программа – результат рефлексивной практики учителя» тақырыбында, Мукашева Меруерт Козыкановна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындығы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер «Авторлық бағдарлама жазу әдістемесі» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.