Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің «Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи үрдістері мен перспективалары» форумы

Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің «Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи үрдістері мен перспективалары» форумы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және Өскемен қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы бірлесіп 2022 жылдың 18 ақпанында ZOOM және YOUTUBE платформалары арқылы «Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи үрдістері мен перспективалары» онлайн-форумын өткізді.

          Форумның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдар іс-әрекетін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау, тәрбиелеу және оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану бойынша мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің тәжірибесін таратуға ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау.

Форумға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері, қалалық/аудандық әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлер, психологтер, логопедтер, тәрбиешілер, дефектологтер қатысты.

Форум аясында «Мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері мен шешімдері», «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзивті білім беру», «Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті бағыттары» тақырыптарында сессия жұмыстары жүргізілді. Пленарлық бөлімде ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының міндетін атқарушы Абетаева Гульнара Зекеновна «Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі мекемелерді әдістемелік қолдау» тақырыбында баяндама жасады.

Форум барысында ШҚО ББ қалалық/аудандық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет ететін психологтер, логопедтер, тәрбиешілер, дефектологтер «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи тәсілдер», «Диагностикадан дамытуға дейін» шеберлік сыныптары аясында 4К моделін мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қолдану жолдары, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын заманауи технологиялар, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың танымдық қабілеттерін арнайы дидактикалық құрылғылар арқылы дамыту жолдары, оқу қызметінде қолданылатын тиімді технологиялар, балабақша қызметінде сапалы көрсеткішке қол жеткізу жолдары, орта топтағы балаларды оқытудағы интеграцияланған тәсіл туралы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану және мультимедиалық қойылымдар арқылы балалардың коммуникативтік (сөйлеу, тыңдау) дағдыларын дамыту бойынша ұсыныстар алды.

Шара соңында форум жұмысына қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында қатысушылардан сауалнама алынды.