«Авторлық бағдарлама – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шығармашылық құрамдас бөлігі» облыстық онлайн-семинар БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ

«Авторлық бағдарлама – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шығармашылық құрамдас бөлігі» облыстық онлайн-семинар  БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ

Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Авторлық бағдарлама – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шығармашылық құрамдас бөлігі» облыстық онлайн – семинарын  өткізеді.

Онлайн-семинар барысында ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының иегері  Жанаспаева Мейрамгуль Зарлыккановна және ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындығы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Мукашева Меруерт Козыкановна өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Онлайн-семинар 2022 жылдың 18 ақпанында өтеді.

Өткізу уақыты-14.30 сағ.

Жауапты: Кенжебаева Алма Тлеухановна, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің меңгерушісі, 8-778-929-49-64.