Нұр Отан партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасындағы «Саналы ата-ана» курсын барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастыру жөніндегі Жол картасын орындау аясында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығыаудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының психологтері үшін «Саналы ата-ана» облыстық оқыту семинар-практикумын онлайн форматта өткізеді.
Оқыту семинардың мақсаты – ата-ана әлеуетін арттыру, отбасы институтын нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және психологиялық қызметтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Онлайн-оқыту семинар 2022 жылдың 24 ақпанында сағат 15.00-де ZOMM платформасында өтеді.
Жауапты - Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері, 87773825029.