«Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық байқаудың облыстық кезеңі

«Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық байқаудың облыстық кезеңі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2022 жылдың 14 ақпанында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

Байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан және облыстық білім беру ұйымдарынан 20 педагог қатысты. Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша комиссия Республикалық байқауға қатысуға жеңімпаздарды анықтады:

І орын – Орамалова Айзат Женискановна, ШҚО ББ Өcкемен қaлacы бoйыншa бiлiм бөлiмiнiң «№46 opтa мектебi» КММ, тapих пәнiнiң мұғaлiмi;

ІІ орын –  Каленова Куляим Серикбаевна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ орын – Лукьянец Юрий Григорьевич, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, география пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Джумагулова Амина Казьякберовна, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ, география пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Кутовая Юлия Владимировна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенi» КММ, әдіскер;

ІІІ орын – Бутова Ирина Владимировна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, физика пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Болысова Гульмира Махсутхановна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.

Байқаудың жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады,  қатысушыларға алғыс хат беріледі.

Байқаудың республикалық кезеңіне қатысатын жүлдегерлерге жеңіс тілейміз!