
ШҚО білім басқармасы бастапқы әскери және технологиялық дайындық облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан технологиялық колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 08-11 ақпан аралығында «Жас сарбаз» бағдарламасы аясында интернационалист - жауынгерлер Г.А. Тухтабаев пен С. Н. Суворкиннің кубогіне арналған әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 33 жылдығына орай ШҚО ТжКБ студенттері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша IX ашық біріншілігі өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты - «Рухани жаңғыру», «Жас сарбаз» бағдарламаларын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке шақыруға дейінгі жастарды дайындау болып табылады.
Біріншілікке барлығы 10 команда қатысып, келесі бағыттар бойынша өткізілді, атап айтсақ: оқпен ату; дүкенді жабдықтау; АК-74 ММГ толық бөлшектеу және құрастыру, әскери кедергілер жолағы т.б.
IX ашық біріншілік қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!