«ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

«ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

2022 жылдың 10 ақпанында «Өнер мектебіндегі заманауи білім беру технологиялары» облыстық практикалық семинары ұйымдастырылды.

Семинарға қосымша білім берудің музыка және өнер мектептерінің домбыра, баян (аккордеон), скрипка, фортепиано, хореография, вокал, музыка теориясы (сольфеджио) сыныптары бойынша 500-ге жуық педагог қатысты.

Семинардың мақсаты – Аягөз аудандық өнер мектебі оқытушыларының жұмыс тәжірибесін тарату арқылы педагогтердің шығармашылық қызметін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік ықпал ету.

Аягөз аудандық өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Омарова А.А. «Музыкалық оқыту үдерісінде қолданылатын педагогикалық технологиялар» тақырыбында мектептің жұмыс жүйесімен таныстырды.

Семинар барысында өнер мектебінің педагогтері жаңа технология бойынша жаңа бағытта шеберлік сыныптарын ұсынды:

Ахмадиева А.Т., фортепиано сыныбының оқытушысы «Пианисті бастапқы кезеңде кешенді оқыту және тәрбиелеу»;

Аткешева Р.К., фортепиано сыныбының оқытушысы «Развитие технических навыков на уроках фортепиано»;

Мусабалинова Л.А., скрипка сыныбының оқытушысы «Формирование и развитие исполнительских навыковв младших классах»;

Бланова Л.М., баян сыныбының оқытушысы «Шығармадағы мелизмдермен жұмыс»;

Оспанова К.Т., домбыра сыныбының оқытушысы «Фортепианоның сүйемелдеуімен ойнаудағы шертпе күй және төкпе күйдің ерекшеліктері»;

Саметова А.К., домбыра сыныбының оқытушысы «Домбыра аспабында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушының орындау шеберлігін арттыру»;

Смагулова М.К., музыка теориясы бөлімінің оқытушысы «Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ритмикалық және вокалдық-интонациялық дағдыны дамыту»;

Кемекенова А.С., музыка теориясы бөлімінің оқытушысы «Вокальные упражнения, значение эффективной распевки для голоса»;

Абулхаирова Г.С., классикалық би сыныбының оқытушысы «Партерная гимнастика, как одно из условий достижения качественного выполнения элементов экзерсиса. Основы классического танца»;

Мердемгалиева А.Т., халықтық-сахналық пәнінің оқытушысы «Бөлшектермен жұмыс жасау»;

Сейтказин Б.К., қазіргі заман би пәнінің оқытушысы «Холодное сердце».

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, музыкалық өнердің әр саласы бойынша ұсынылған шебер сыныптардан алған әсерлерімен бөлісіп, әдістемелік қолдау алғандарын атап өтті.

Модератор: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.