
Семинар тақырыбының өзектілігі оқыту мазмұнын жаңартумен, оқушылардың өз бетінше білім алу тәсілдері мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру міндеттерін анықтаумен шартталған.
Әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен «Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдістері» облыстық онлайн – семинар-практикумы өткізіледі.
Онлайн-семинар барысында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтері :
педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пастухова Евгения Владимировна;
педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Егорина Галина Александровна;
педагог-модератор, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есимханова Яна Владимировна өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Онлайн-семинар 2022 жылдың 15 ақпанында өтеді.
Өткізу уақыты-15.00 сағ.
Жауапты: Кантаева Айзада Жумакановна, оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингісі кабинетінің меңгерушісі, 8-771-436-27-27.