
Көптілділіктің негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті мәдениетті тұлға қалыптастыру. Осы мүддені жүзеге асыруда мектеп ұстаздарының рөлі өте зор.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспар аясында 2022 жылдың 10 ақпанында «Биология, химия пәндерін ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдері» іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді.
Онлайн-семинарға «Биология», «Химия» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология, химия пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында:
«Жаратылыстану пәндерін оқыту мен оқу үрдісін жақсартудағы «CLIL» технологиясының артықшылығы» – Темиралова Гульбакыт Токтарбаевна, педагог-зерттеуші, биология пәні мұғалімі; Нургендирова Айжан Оразкеновна, педагог-зертеуші, химия пәнінің мұғалімі; Зейнелхан Гүлжазира, педагог-зерттеуші, физика пәні мұғалімі ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ;
«Химия пәнін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытудың жолдары» – Алекеева Гульназым Зеренхановна, жоғары санатты химия пәні мұғалімі, ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша ББ «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ;
«Возможности использования технологии «СLIL» при изучении химии на английском языке» – Катасонова Виктория Васильевна, педагог-зерттеуші, химия пәні мұғалімі, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№6 орта мектебі» КММ тақырыптарында тәжірибе бөлісті.
Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар семинарда бөліскен тәжірибелердің тиімділігін атай келе, іс-тәжірибемен бөліскен педагогтермен байланыста болатындарын жеткізді. Пән мұғалімдері кәсіби деңгейді шыңдауға арналған семинарлар өткізу туралы ұсыныстар жасады.
Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.