
2022 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дарындылықты дамыту жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама шеңберінде ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған онлайн режимде «Білім беру сапасын басқару: оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін дамыту» атты әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Семинар мақсаты: мектептегі білім беру сапасын басқару жағдайында дарынды балалармен атқарылатын жұмыстың бағыттары мен мәселелерін шешу жолдарын көрсету.
Қатысушылардың жалпы саны 100 адам.
Білім беру сапасын бағалаудың бірыңғай жүйесін құру қағидаттарының бірі білім беруді басқарудың барлық деңгейлеріндегі келісілген іс-қимылдар нәтижесінде қол жеткізуге болатын білім алушылардың білім беру нәтижелерінің объективтілігі болып табылады.
Білім берудегі міндеттердің бірі - дарынды балаларды анықтау және олардың қабілеттерін дамыту. Семинар барысында спикерлер дарынды балаларды анықтаудың және оларды олимпиадалар мен конкурстарға дайындаудың түрлі әдістері мен нысандарын көрсеткен төмендегі тақырыптар негізінде тәжірибелерімен бөлісті:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 мектеп – лицейі» КММ директордың инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары -Королева Елена Александровна «Развитие навыков будущего у учащихся в условиях – школы лицея через реализацию программы «Одаренные дети» және ағылшын тілі мұғалімі Палева Елена Владимировна «Системная поддержка одаренных детей в условиях школы-лицея»;
«Математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі Потанина Елена Юрьевна «Опыт подготовки школьников к олимпиадам по математике»;
ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі Ауезов Быржан Бэкович «Оқушыларды математика пәнінен олимпиадаға дайындау жолдары»;
ШҚО ББ «Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлібаев Аслан Оразбекұлы «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері» және математика пәнінің мұғалімі Мустафинова Назерке Ермекқызы «Оқушы қабілетін анықтау, дарынды балаларды қолдау, математика пәнінен олимпиадаға дайындау жолдары».
Шара соңында қатысушылар аталған семинардың маңыздылығын, өзектілігін және практикалық пайдалылығын атап өтіп, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлерін дайындаған үздік педагогтердің тәжірибесін таратуды жалғастыру туралы ұсыныс жасады.