
Педагогикалық шеберліктің бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктері.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 9 ақпан күні облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін «Педагог-шебер» шыңына жету жолдары» облыстық шеберлер шеруін («ZOOM» платформасы арқылы) өткізді.
Шараның мақсаты – педагог-шеберлердің тәжірибесі арқылы педагогтердің шығармашылық педагогикалық қызметін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік көмек көрсету.
Шара барысында педагог-шебер:
Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп- лицейі», т.ғ.к, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер санатына өту жолындағы портфолиосымен таныстырып, жеткен жетістіктерімен және «Тарихи қайраткердің саяси портретін жасау және тарихи тұлғаға мінездеме берудің ерекшеліктері» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шараға қатысушылар спикердің шебер деңгейге жетудегі жұмыс жүйесі бойынша іс тәжірибесінен алған білімдерін жұмыс барысында қолданатындарын атай келе, спикерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.