«Педагог-тәлімгер жұмысының әдістемелік және мазмұндық аспектілері» онлайн-семинары

«Педагог-тәлімгер жұмысының әдістемелік және мазмұндық аспектілері» онлайн-семинары

2022 жылғы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО жылдық жоспарына сәйкес «Педагог-тәлімгер жұмысының әдістемелік және мазмұндық аспектілері» онлайн-семинарын өткізді. Шараға орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 49 педагог-тәлімгері мен 49 директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

Семинардың мақсаты - жас педагогтің заманауи мектепте кәсіби қалыптасуы мен бейімделуін ұйымдастыруда тәлімгерлерге әдістемелік ұсынымдар беру.

Қатысушыларға ШҚО ББ «Шығыс» ӨО менеджмент кабинетінің меңгерушісі Шауменова Эльмира Тоқанқызы алғы сөзінде мамандардың құзыреттілік деңгейі, олардың біліктілігі кез келген ұйымның басты бәсекелестік артықшылықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Тәлімгерлік үшін өткізетін семинарлар мен тренингтер білім алмасу үдерісін бастауға және жас мамандарға кәсіби деңгейге жетуіне мүмкіндігін береді.

Өскемен қаласы бойынша қалалық білім беру бөлімінің әдіскері -Круглова Елена Петровна 2021-2022 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы бойынша Өскемен қаласының педагог-тәлімгерлерінің жұмысына талдау жасап, тәжірибе алмасты.

Семинар барысында жас педагогтердің оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін және кәсіби шеберлігін арттыру бойынша:

Мельникова Наталья Васильевна, ШҚО ББ «Тәлімгер жұмысын жоспарлау» тақырыбында ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

Мелян Елена Грачяевна, «Тәлімгердің жас мамандармен жұмысы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында ШҚО ББ Бородулиха ауданының білім беру бөлімінің «Жезкент орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі;

Ткачева Наталья Николаевна, «Әдістемелік коучингті өткізу ерекшеліктері, сабақты талдаудың заманауи тәсілі» тақырыбында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі практикалық жұмысымен бөлісті.

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскерлері семинарды қорытындылап, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Модератор: Шауменова Эльмира Токановна.