Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін 9 ақпан-9 наурыз аралығында «Педагог-шебер» шыңына жету жолдары» шеберлер шеруі циклін өткізеді.
Шараның мақсаты – педагог-шеберлердің тәжірибесі арқылы педагогтердің шығармашылық педагогикалық қызметін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік көмек көрсету
Шара барысында педагог-шеберлер:
Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп- лицейі», т.ғ.к, тарих пәнінің мұғалімі, «Тарихи қайраткердің саяси портретін жасау және тарихи тұлғаға мінездеме берудің ерекшеліктері»; Оразалин Қуат Аманжолович, ШҚО ББ Семей қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясы» КММ тарих пәнінің мұғалімі, «Дебат оқыту технологиясын тарих сабақтарында қолдану әдістемесі» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Шеберлер шеруі 2022 жылдың 9 ақпанында сағат 15.00-де өтеді. Өткізу нысаны: қашықтан, «ZOOM» платформасы арқылы. Жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері. 87017677658