Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы – жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспар аясында 2022 жылдың 10 ақпанында «Биология, химия пәндерін ағылшын тілінде оқытудың әдіс – тәсілдері» іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізеді.
Облыстық семинарға «Биология», «Химия» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология, химия пән мұғалімдері қатысады.
Шара барысында пән мұғалімдері химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер, «CLIL» технологиясының мүмкіндіктері туралы түсініктерін толықтырып, тәжірибе алмасады.
Іс-шараға жауапты: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология,химия пәні бойынша әдіскері.