
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 4 ақпанда «Жалпы білім беру ұйымдарында оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер» онлайн семинар-практикумы өткізілді.
Іс–шараның мақсаты - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымының оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі орынбасарлары, облыстың жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында Өскемен қаласының «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ педагогтері:
Абдрахманова Гульнара Файзуллаевна, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Современные подходы в организации профориентационной работы с учащимися в общеобразовательных организациях»;
Акулова Ирина Юрьевна, педагог-ұйымдастырушы «Взаимодействие школы и внешкольных учебных заведений в формировании профессионального самоопределения школьников»;
Исраилов Руслан Джабраилович, аға тәлімгер, «Возможности органов школьного самоуправления в формировании профессиональных интересов школьников»;
Демегенева Динара Ермекқызы, мектеп психологі «Роль психологической службы школы в правильном выборе будущей професии у выпускников школы»;
Крючкова Ирина Алексеевна, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары «Возможности прикладных и элективных курсов в профессиональной ориентации учащихся»;
Айтпаева Алла Владимировна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Школьный сайт как средство профессионального информирования учащихся» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Абдрахманова Гульнара Файзуллаевна және Исраилов Руслан Джабраилович, «Фестиваль профессий» жалпымектептік іс-шараны өткізу элементтерін көрсетті.
Семинар-практикумның соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар практикалық жұмыстан алған әсерлерімен бөлісті.
Модераторлар: Исаев Аркадий Анатольевич, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі;
Алмабаева Айгерим Нурлановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері.