
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылы 27 қаңтарда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, дарынды педагогтерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру мақсатында «Мотивациясы жоғары және талантты балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу құзыреттіліктерін дамыту бойынша инновациялық жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыппен ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-кешені» КММ педагогикалық ғылымдар академиясының мүшелері, бастауыш сынып мұғалімдері Булыга Лариса Анатольевна, Ермакова Анастасия Геннадьевна тәжірибелерімен бөлісті
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназия» КММ мұғалімі, педагог-шебер Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна дарынды балалармен жұмысын көрсетті.
Аязбекова Дария Сериковна ШҚО ББ «Аягоз ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі»; Евдокимова Олеся Викторовна ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №11 мектеп-лицейі» КММ ; Брусницина Ольга Викторовна ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің Верх-Березовка орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімдері семинар тақырыбы аясында шебер сыныптарын көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар және қарастырылған мәселе бойынша әдістемелік ұсынымдар алды.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш кабинетінің меңгерушісі Какетаева Динара Аскербековна.