
2022 жылдың 26 қаңтарында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскерлері мен мектеп психологтеріне республикалық «Үздік жыл психологі-2021» байқауының облыстық кезеңіндегі жеңімпаздарының шеберлік сыныптарын онлайн форматта өткізді. Шараға 100 педагог қатысты.
Іс-шараны ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директордың орынбасары Нурканова С.Т. алғы сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шеберлік сыныптарын көрсеткен педагог-психологтер:
ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологі Асхатова Асем Асхатқызы, «Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың таным процестерін түзету-дамыту» бағдарламасы;
ШҚО ББ Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологі Ибраимова Мадина Муратовна, «1 сынып оқушыларының психологиялық бейімделуі»,
ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологі Арпабаева Гульбану Сапарбаевна, «Түлектердің ҰБТ-ға психологиялық дайындығы»;
ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологі, Кулакова Айнур Серикболовна, «Педагогтердің кәсіби қажуы, себептері мен алдын алу»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ педагог-психологі Башикова Меруерт Жомартқызы, «Бірінші сыныпқа бейімделу кезеңінде оқушыларға психологиялық сүйемелдеу көрсету жұмыстарының әдіс-тәсілдері» бойынша өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.