«Ауыл мектептерінің білім сапасы: қазіргі жағдайы, мәселелері, шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

«Ауыл мектептерінің білім сапасы: қазіргі жағдайы, мәселелері, шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

2022 жылдың 24 қаңтарында «Ауыл мектептерінің білім сапасы: қазіргі жағдайы, мәселелері, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Шығыс Қазақстан облысының педагогтері қатысты.

Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Привольное орта мектебі» КММ директоры Манапова Альфия Сайлаубекқызы «Иновационные методы и подходы в  совершенствовании МКШ» тақырыбында және ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Тақыр негізгі орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есельбаева Жансая Дюсембекқызы «Білім беру үрдісінде әдістемелік жұмысты жүйелі жоспарлау мен іске асырудың тиімді жолдары» тақырыбы бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы - Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткізілген.

Конференцияның мақсаты: шағын жинақты мектептерде білім беру үдерісін жетілдіру, ауыл мектептерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін оқу – тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Конференцияға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері,  Ресей Федерациясы, Эстония Республикасынан білім қызметкерлері, ЖОО ғалымдары, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары білім басқармаларының әдістемелік орталықтары өкілдері, біліктілікті арттыру  «Өрлеу» БАҰО АҚ БАИ мамандары,  ПШО филиалының тренерлері және ШЖМ басшылары мен пән мұғалімдері қатысты.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы  мен тақырыптық алаңдары онлайн-форматта ұйымдастырылды.