
2022 жылдың 20 қаңтарында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығымен мектеп психологтерінің облыстық қауымдастығының отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскерлер, облыстық қауымдастық мүшелері, аудандық, қалалық қауымдастықтардың төрағалары, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының психологтері, барлығы 50 педагог қатысты.
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскер-психологі А.К. Кубентаева облыстық педагог-психологтер қауымдастығының 2021 жылы атқарған жұмысына талдау жасап, қауымдастықтың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырды.
Отырыс барысында аудандық, қалалық қауымдастықтар өз тәжірибелерімен бөлісті:
Өскемен қаласының психологтер қауымдастығының төрағасы, «№24 орта мектеп» КММ педагог-психологі С. А. Маслюк қалалық қауымдастықтың жұмысы туралы айтып, «Сенім», «Отбасы», «Дарындылық», «Бірлік. Инклюзивті білім беру», «Педагогтермен жұмыс бойынша заманауи педагог» шығармашылық топтарының жұмысы таныстырылды;
Абай ауданы бойынша психологтер қауымдастығының төрағасы, «Ш. Әбенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ педагог-психологі, А. О. Сағадиева аудандық психологтер қауымдастығының жұмыс жоспарын ұсынды.
Аягөз аудандық психологтер қауымдастығының төрағасы «№4 ЖОББМ» КММ педагог-психологі Г. С. Бодесова аудандық психологтер қауымдастығының жұмысын жоспарлау және іске асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті;
Семей қаласының білім бөлімінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскері И. Б Масанова «Ата-аналардың Ашық университеті» ата-аналармен жұмыс тәжірибесін көрсетті;
Риддер қаласының білім беру бөлімінің психологиялық қызметіне жетекшілік ететін әдіскер, қалалық психологтер қауымдастығының төрағасы Е.В. Кряжева қауымдастықтың қалалық жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді.
Жарма аудандық психологтер қауымдастығының төрағасы «Маяковский атындағы ОМ» КММ педагог-психологі И.Тагиева әріптестеріне әр педагог-психологтің мәселелерін анықтау және мониторинг жүргізу үшін сауалнама ұсынды.
Отырыста облыстық педагог-психологтер қауымдастығының жаңа мүшелері, төрағасы мен хатшысы сайланды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыстық мектеп психологтер қауымдастығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ұсынымдар қабылданды.
Модератор: Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері.