
2022 жылғы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қазақ тілінде оқытатын мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін таныстыру мақсатында «Арман-ПВ» баспасымен бірлескен онлайн-семинар өткізді.
Семинар жұмысына 1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқулығының авторлары мен әзірлеушілері қатысты:
Бекболатова Айгуль Нурмукашевна, «Арман-ПВ» бас редакторы, «Арман-ПВ» баспасы- арманыңыздағы кітаптар»;
Копеева Гульдана Амангельдиевна, 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқулығының авторы, «Оқу процесінде электрондық қосымшаларды (СД дискі, платформа) пайдалану тиімділігі»;
Бақтығалиева Айсұлу Үмбетқалиқызы, «Арман-ПВ» редакторы «Ekitap.kz білім беру платформаларын пайдалану».
Семинар спикерлері білім алушыларда бағдарламалаудың ойын ортасында алгоритмдік ойлауды қалыптастыруға бағытталған 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұнымен, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен, қарапайым роботты құрастырумен және басқарумен таныстырды.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 информатика мұғалімдері қатысты.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.