МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

2022 жылдың 18 қаңтарында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығымен мектеп кітапханашыларының облыстық қауымдастығының отырысы өткізілді. Оған облыстық қауымдастық мүшелері, аудандық, қалалық қауымдастық төрағалары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының, арнайы мектептер мен мектеп-интернаттардың кітапханашылары, барлығы 100 адам қатысты.

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы бойынша кабинеттің меңгерушісі      А. А. Исаев облыстың білім беру ұйымдарында 2021 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуына талдау және облыстық мектеп кітапханашылары қауымдастығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы бойынша сөз сөйледі.

Семей қаласының № 30 жалпы білім беретін орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Көпжасарова Бибігүл Әбдікәрімқызы және №19 жалпы білім беретін орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Мацукевич Галина Николаевна мектеп кітапханаларының қазақстандық «ҚАБИС» автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс барысында облыстық қауымдастық құрамына жаңа мүшелер, қауымдастық төрағасы мен хатшысы сайланды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыстық мектеп кітапханашылары қауымдастығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ұсынымдар қабылданды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Модератор: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.