Шығыс-Қазақстан облысы бойынша «Qabilet» қызметін іске асыру туралы

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша «Qabilet» қызметін іске асыру туралы

"Ел Үміті" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың қазан айынан бастап ШҚО білім басқармасының "Дарын" орталығының базасында балалар мен оқушылардың қабілеттерін диагностикалау бойынша "Qabilet" қызметі құрылды.

Жобаны "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және жергілікті атқарушы органдар "Еl Úmiti"бастамасы шеңберінде жүзеге асырады.

Жобаның мақсаты-әрбір отбасына балалардың қабілет деңгейін анықтауға және оның таланттарын одан әрі оқыту және дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік беру.

4К құзыреттілігін психологиялық бағалаудың авторлық және ғылыми негізделген әдістері (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация) диагностиканың негізгі құралдары болып табылады.

"Qabilet" қызметі ата-аналарға балалардың қабілеттері мен жасырын дағдыларын ашуға көмектеседі, сондай-ақ заманауи, жылдам дамып келе жатқан әлемде баланың даму траекториясын құруға көмектеседі.

"Qabilet" қызметі қабілет деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтуді және одан әрі оқыту мен дамыту бойынша консультация беруді қамтиды.

"Qabilet" қызметінің қызметкерлері "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры ұйымдастырған "4К"бірыңғай әдістемесі бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау әдістемесі бойынша оқытудан өтті.

"Qabilet"қызметініңіске асыру басталғаннан бері 10-11 жас аралығындағы облыстың 38000 мыңнан астам оқушысы сайтта тіркеуден өтті, 1 кезең - 17944 оқушы онлайн тестілеуден өтті. 70 балдан жоғары жинаған оқушылар тестілеудің екінші кезеңіне қатысты. Олардың әрқайсысы өз қабілеттерін анықтау бойынша жеке ұсыныстар мен кеңестер алды.