
– барлық мектептер қашықтықтан оқыту форматында, вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған 9, 11-сыныптар штаттық форматта оқиды. Сыныпта COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелсе, сынып 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулануға жатады;
- колледждер мен ЖОО студенттері үшін аралас оқыту форматы: барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтеді. Оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинацияланған оқушылар мен вакцинацияның толық курсын аяқтаған студенттерді штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
Қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар – штаттық режимде, 10 адамға дейін топтық, балалар/ересектер үшін коррекция орталықтарында 10 адамға дейін жеке және топтық сабақтар штаттық режимде өткізуге рұқсат етіледі.
Енгізілген шектеулер елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, аурулар санының ұлғаю қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.