«Математика сабақтарындағы зерттеу қызметі» онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Математика сабақтарындағы зерттеу қызметі»  онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Математика» пәні қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші  Рублева Татьяна Александровнаның «Математика сабақтарындағы зерттеу қызметі» тақырыбында іс-тәжірибесін тарату және тәжірибе алмасу мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты - математика пәні мұғалімі Т.А. Рублеваның озық педагогикалық тәжірибесін тарату және әдістемелік әзірлемелердің электрондық деректер банкін құру.

Онлайн-семинар 2022 жылдың 21 қаңтарында өтеді.

Өткізу уақыты сағат 15.00-де.

Жауапты - Желпакова Айгүл Халелқызы, оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері, 877749663777