
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 қаңтарында облыстық «Үздік педагог» байқауы жеңімпазының іс-тәжірибесін тарату аясында ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Островский атындағы орта мектебі» КММ базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда сабақ беру ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбын өткізді.
Шараға 50-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Шеберлік сыныбы интерактивті тақтаны қолдану арқылы өтіп, қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.
Шара барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жеңімпазы, педагог-шебер Мельникова Наталья Васильевна «Кері дизайн» әдісін қолдану ерекшеліктеріне тоқталып, Блум таксономиясына сәйкес тапсырмаларды жоспарлау мүмкіндігін қарастырды. Қатысушы педагогтермен практикалық жұмыстар жүргізе отырып, «Үздік педагог» кәсіби конкурсқа дайындалу және жеңіске қол жеткізу тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, мұғалімдер практикалық жұмыстардан алған әсерлерімен бөлісті.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева Айгуль Қадылбековна.