«Үздік педагог-2021» байқау жеңімпазының шеберлік сыныбы

«Үздік педагог-2021» байқау жеңімпазының шеберлік сыныбы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 қаңтарында облыстық «Үздік педагог» байқауы жеңімпазының іс-тәжірибесін тарату аясында ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Гагарин атындағы орта мектебі» КММ базасында мектепалды даярлық тобы тәрбиешілеріне арналған шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

         Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі, «Үздік педагог-2021» байқауының облыстық кезең жеңімпазы Королева Оксана Сергеевна мектепады даярлық тобы тәрбиешілеріне байқауға қатысушының портфолиосын рәсімдеу алгоритмін көрсетті.

Шараға 60 тан астам мектепады даярлық тобы тәрбиешілері қатысты.

Шеберлік сыныбы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өтіп, қатысушылардың жоғары бағасына ие болды. Келесі каникул кезінде «Үздік педагог-2021» байқауы жеңімпазының іс-тәжірибесін тарату жалғасын табады.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева Айгуль Қадылбековна.