«Бастауыш сыныптардағы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдістері мен формалары» облыстық онлайн-семинар

«Бастауыш сыныптардағы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдістері мен формалары»  облыстық онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында 2022 жылдың 5 қаңтарында бастауыш сыныптардың өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдері үшін «Бастауыш сыныптардағы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдістері мен формалары»  облыстық онлайн семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік әлеуетін көтеру, баланың өзіндік менін қалыптастыру, өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинарға 100-ге жуық жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Онлайн-семинарда:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кудайбергенова Жанар Калиевна «Бастауыш сыныптарда өзін-өзі тану пәнін математика пәнімен интеграциялау»;

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Оралбекова Алия Кайратовна «Творческая деятельность на уроках самопознания как одно из средств развития духовно-нравственных качеств личности»;

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Тутканбаева Гульмира Маратовна «Өзін-өзі тану пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдістері мен формалары туралы тың ақпараттар алды, өткізілген семинар туралы сындарлы пікірлер айтып, тәжірибе алмасты.

Модератор: мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі Какетаева Д.А.