
ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 12 қаңтарында ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының кітапханашылары арасында облыстық виртуалды кітап көрмесінің қорытындысы шығарылды.
Мақсаты – кітапхана кадрларының шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың шығармашылық әлеуетін жандандыру; ынталы, шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды анықтау және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Облыстық виртуалды кітап көрмесінің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
І орын – Кунанбаева Айгуль Кабдуалиевна (Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі), Казновская Ирина Юрьевна (Риддер аграрлық техникалық колледжі), Мансарина Жанат Ержановна (Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі);
ІІ орын – Клепова Светлана Николаевна (Индустрия-технология колледжі), Натарова Зинаида Аднановна, Назарова Елена Викторовна (Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі), Борисевич Лариса Николаевна (Көлік колледжі), Жакина Асия Турысбековна (Семей көпсалалы колледжі);
ІІІ орын - Бижуменова Гайни (Геологиялық барлау колледжі), Нұржақыпова Мейрамгүл Әсетқызы (Электротехникалық колледжі), Сарсенбаева Ляззат Бакытжановна (Innovative college).
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!