«Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің шеберлік сыныптары

«Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің шеберлік сыныптары

2022 жылғы 5 қаңтарда қысқы каникул мектебінің жоспары шеңберінде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жас педагогтердің оқушыларды ҰБТ-ға дайындау, олимпиадалық есептерді шешу мәселелеріндегі кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында математика мұғалімдеріне «Үздік педагог-2021» атағы иегері офлайн-режимде шеберлік сыныбын өткізді.

ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназия» КММ математика пәні мұғалімі Ж.Н.Дурмекбаева «ҰБТ есептерін шешу. Тригонометриялык теңдеулер мен тесіздіктерді шешудің тиімді жолдары», «Модульмен  берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің жолдары» тақырыптарында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылармен бірлесе ҰБТ-да кездесетін есептерді шығарып, қиын есептің шығарылуы бойынша оқушыларға түсіндіру тәсілдерін қарастырды.

 Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар спикер ұсынған материалдың практикалық маңыздылығын және кәсіби шеберлікті одан әрі арттыру үшін жоғары мотивациялық құндылығын атап өтті.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 50 математика мұғалімдері қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.