«Дарынды бала – білімді елдің кепілі» онлайн-семинар

«Дарынды бала – білімді елдің кепілі» онлайн-семинар

Дарындылық — іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше бір жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адамның қабілетті дамуының жоғарғы дәрежесі.

2022 жылы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында «Дарынды бала – білімді елдің кепілі» облыстық семинарын өткізді.

Онлайн-семинарға «Биология», «Химия», «География» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология, химия, география пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.

Семинар барысында:

Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы,  ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Халықаралық биология олимпиадасына оқушы дайындаудың маңызы мен әдістері»;

Сайлаубеков Айдос Жасұланұлы, ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Химия сабағын Phenomenon-based learning (PhenoBL) арқылы оқыту – ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн-семинар соңында қатысушы педагогтермен кері байланыс жасалып, тақырып негізінде пікір алмасты.

            Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.