
Бүгінгі заман талабына сай мұғалім - ол рухани дамыған, педагогикалық технологиялардың қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс. Тәуелсіз мемлекетіміздің азаматтарын қалыптастырушы пәндердің бірі ретінде тарих қазіргі заманғы білім берудің алдыңғы шебіне шығып отыр. Жаңа заман талабы тарихи білім беруді жетілдіріп, оның тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін айқындау міндетін шешу мақсатында тарих пәні мұғалімдерінің бірігуі, іс-тәжірибе алмасу және кәсіби қатынастарын құруға жағдай тудыру үшін ШҚО тарих пәні мұғалімдерінің Асссоциациясы және оның аудандық құрылымдық бөлімдері құрылған.
2022 жылы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында пән қауымдастығының жұмыстарын жүргізу сапасын арттыру мақсатында облыстық «Тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының өзекті мәселелері мен болашағы» әдістемелік онлайн семинарын өткізді.
Онлайн семинарға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында:
Королева Ольга Вячеславовна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі «Оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу арқылы мектеп оқушыларының тарих сабағын оқуға деген ынтасын арттыру»,
Шакенова Салтанат Сайполдановна, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мустафина атындағы мектеп-лицей» КММ тарих пәні мұғалімі «Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудағы қауымдастықтың рөлі» тақырыбында аудандық/қалалық ассоциация жұмысының өзекті мәселелері, міндеттері, атқарылған жұмыс нәтижелері, мұғалімдердің жетістіктері туралы айтып, өз іс-тәжірибелерімен, ұсыныстарымен, идеяларымен бөлісті.
Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұсынылған әдіс-тәсілдерді өз жұмыстарында қолданатындарын атап өтті.
Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.