«Мектеп - тұлғаны дамыту мен қалыптастыру ортасы» облыстық семинары

«Мектеп - тұлғаны дамыту мен қалыптастыру ортасы» облыстық семинары

2022 жылдың 5 қаңтарында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы  №17 орта мектебі»  КММ базасында «Мектеп - тұлғаны дамыту мен қалыптастыру ортасы» облыстық жалпы білім беретін мектептердің директорларына арналған ашық есік күнін өткізді.

Мақсаты - оқушылардың жеке тұлғасын дамыту және мұғалімдердің кәсіби өсуі, білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға жағдай жасау үшін педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату.

Шара бағдарламасы бірнеше бөлімді қамтыды: пленарлық бөлімде мектеп директоры Сахакян Елена Алексеевна семинарды ашып, мектеп тарихын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін баяндады.

Іс-шараның практикалық бөлімінде оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігінің маңызды шарты ретінде мектептің пәндік-кеңістіктік ортасының маңыздылығын көрсету мақсатында мектеппен таныстырды. Мектепте STEM - білім беруді енгізу бойынша шеберлік сыныбын жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері Крючкова Ирина Алексеевна, Кагазбаев Игорь Асқарұлы, Хамзина Нұргүл Жақсыкелдинқызы, Қадыров Серік Ғадылбекұлы көрсетті. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде мектептегі зияткерлік ойындарды ұйымдастырудың интерактивті тәсілдермен мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Крючкова Ирина Алексеевна, математика пәнінің мұғалімі Степаненко Илья Вадимович бөлісті. Мектеп директорының орынбасарлары – Шелепова Людмила Михайловна, Байқоңырова Мадина Ақанқызы, Абдрахманова Гүлмира Файзолдақызы және аға кеңесші Исраилов Руслан Джабрайлович қатысушыларды мектептің өзін-өзі басқару жұмыс жүйесімен, оқушыларды кәсіптік бағдар беру жұмысына дайындау, мектепті қорытынды аттестаттау, инклюзивті білім беруді енгізу  сонымен қатар заманауи мектепте мұғалімнің кәсіби дамуын басқарудағы мектеп тәжірибесімен  таныстырды.

Жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті білім берудің ерекшеліктері туралы инклюзивті қолдау кабинетінің меңгерушісі Иванова Наталья Александровна тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар семинар соңында мектеп басшысына және ұжымға  жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.