ОБЛЫС ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ КАНИКУЛ МЕКТЕБІ -2022 БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

ОБЛЫС  ПЕДАГОГТЕРІНІҢ  ҚЫСҚЫ КАНИКУЛ МЕКТЕБІ -2022 БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы педагогтердің мәртебесін арттыру, әдістемелік қолдау және кәсіби өсуі бойынша мақсатты жұмыс жүргізді. Облыс әкімі Д.К Ахметовтың бастамасы бойынша алғаш рет «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы», «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» өңірлік наградаларына орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік педагогтері ие болды.

Өскемен, Семей қалаларының, Бородулиха ауданының педагогтері О.И.Гатауллина, Ж. Н. Дурмекбаева, Р. М. Рыспеков «Үздік педагог-2021» атағының иегері болды.

Жарма және Өскемен қаласының психологтері және өзін-өзі тану пәні мұғалімдері И. Тагиева және З.Н. Жомартова «Асыл жүрек», «Мейірім - әлемге махаббатпен» марапаттарына ие болса, Өскемен қаласының «Зерек» қосымша білім беру орталығының директоры Е. Жаркембаев «Балалық шақтың досы» медалімен марапатталды.

Ағылшын тілінің 300 мұғалімі «ТКТ модуль 2,3» курстарында сәтті оқыды.  Инклюзивті білім беру бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде курстарда облыс мектептерінің 500 педагогі оқыды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде 89 мектеп кітапханасы жаңғыртылды, 200 мектеп кітапханашысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4 педагогтің авторлық бағдарламаларын Республикалық Сарапшылар кеңесі мақұлдады.

 «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» республикалық конкурсында Өскемен қ., Аягөз, Үржар ауданы және «Білім-инновация» лицейінен Р. Д. Исраилов, М. К. Жангельдина, С. Е. Қажытаев, г. Е. Заманиянов 4 жас педагог жүлделі орындарға ие болды.

2022 жылдың басында білім басқармасы облыс педагогтерінің қысқы каникулдық мектебін өткізумен ашады.

Мақсаты - педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, біліктілігін арттыру.

Каникулдық мектептің іс-шаралар жоспарында қызметтің 8 бағыты қамтылған:

1) Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының ШЖМ жағдайында сапалы білімнің қолжетімділігі бойынша басшы кадрлардың тәжірибе алмасу жөніндегі өңіраралық іс-шаралар;

2) Глубокое, Жарма, Аягөз, Көкпекті, Катонқарағай, Алтай аудандары ЖМБ мұғалімдерінің PISA халықаралық зерттеуіне дайындық аясында Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша «НЗМ ПШО» ДББҰ-мен офлайн-форматта бірлескен іс-шаралар;

3) «Үздік педагог-2020», «Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің тәжірибесін штаттық режимде екі күндік шебер сынып арқылы тарату- трансляциялау;

Ольга Ивановна Гатауллина – Семей, Курчатов қалаларының және Бородулиха ауданының информатика пәні мұғалімдері үшін Семей қаласының «№17 орта мектебі» КММ базасында;

Рыспеков Равиль Муратович - Өскемен қ., Глубокое, Ұлан аудандарының физика пәні мұғалімдері үшін ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ базасында;

Дурмекбаева Жанар Нурюековна, - Аягөз ауданының математика пәні мұғалімдері үшін «Аягөз мектеп-лицейі» КММ базасында;

 Әуезов Ержан Бекұлы – Алтай ауданының информатика, робототехника пәні мұғалімдеріне арналған «№ 11 орта мектеп» КММ базасында;

Мырзабаева Аяужан Нурлановна - Көкпекті ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Шайжүнісов атындағы орта мектеп»;

Сағатбекова Жанат Каликановна – Тарбағатай ауданының математика пәні мұғалімдері үшін «Нұрбаев атындағы орта мектеп» КММ базасында;

Мельникова Наталья Васильевна - Шемонаиха ауданының бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Островский атындағы орта мектеп» КММ базасында;

4) оқу сауаттылығын дамыту арқылы халықаралық зерттеулерге дайындық – қазақ тілі мен әдебиеті қауымдастығының төрағаларына арналған семинар;

5) «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында мектеп кітапханашылары қауымдастығының отырысы;

6) басшы кадрлар резерві мектебі - жас педагогтарға арналған 2 онлайн-сессия;

7) Білім беру ұйымдары басшыларының тағылымдамасы - штаттық режимінде Ашық есік күндері  Семей қаласындағы «Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназия»  КММ, Өскемен қаласындағы «№48 қосымша білім беру мектеп-орталығы КММ, «М. Әуезов №17 орта мектеп» КММ;

8) «Бірыңғай әдістемелік күн» облыстық іс-шаралары - мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру педагогтерінің, психологтардың онлайн-форматында озық педагогикалық тәжірибені жинақтау.

Мақсатты аудитория - әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың ОЖ және ТЖ жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, психологтар.

 Жұмыс түрлері - аймақаралық вебинар, семинар-практикумдар, оффлайн форматындағы педагогикалық шеберхана, шебер сыныптар, онлайн-семинарлар, фокус-топ отырыстары, әдістемелік алаңдар, онлайн-сессиялар, облыстық Сараптамалық кеңес отырыстары.

Құрметті ұстаздар!

Қысқы каникул мектебінің іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз!