Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар мен дебаттық клубтардың жетекшілерінің арасында облыстық дебаттық турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар мен дебаттық клубтардың жетекшілерінің арасында облыстық дебаттық турнир өтті

ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, облыстық дебаттық қозғалысты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2021 жылғы 25-26 желтоқсанда Семей қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар мен дебаттық клубтардың жетекшілерінің арасында облыстық дебаттық турнир өтті.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылығын тәрбиелеу; облыстағы мектеп дебаттық қозғалысын дамыту, танымал ету және қолдау.

Турнирдің барлық кезеңдері американдық парламенттік форматында (АПФ) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 5 лига бойынша өтті.

Турнирге ШҚО қалалары мен аудандарынан жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылар және жетекшілер қатысты.

Дебат ойындарының жеңімпаздары кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА:

Қазақ лигасы:

1 орын – Аягөз ауданының №5 ЖОББМ «Жас Q» командасы (Касенова Аружан, Турысбекова Диана);

2 орын – Өскемен қаласының Ш.Уалиханов ат. №3 мектеп-лицейдің «Шоқан» командасы (Дәуренұлы Бекарыс, Серікұлы Әли);

3 орын – Семей қаласының №23 ЖОББМ «Демеушіміз СМЛ» командасы (Гинаятул Каусар, Оралғазы Ақниет);

3 орын – Өскемен қаласының Ш.Уалиханов ат. №3 мектеп-лицейдің «Зымыран» командасы (Бекен Жалғас, Айдынова Арна).

«Үздік спикер» номинациясы - Оралғазы Ақниет, Семей қаласының №23 ЖОББМ «Демеушіміз СМЛ» командасы.

Орыс лигасы:

1 орын – Семей қаласының Экономикалық лицейдің «Эффект бабочки» командасы (Нургалиева Линара, Моисеенко Милена);

2 орын – ШҚО ББ ІТ Лицейдің командасы (Казанцева Марина, Матвейчук Юлия);

3 орын – Тарбағатай ауданының Қожагелді батыр ат. ОМ «Парасат» командасы (Кумарбекова Дильназ, Муратова Мадина);

3 орын – Бесқарағай ауданының Сосновская ОМ «Оратор ИПК» командасы (Нұрқанова Тоғжан, Се        йтен Алишер).

«Үздік спикер» номинациясы - Нургалиева Линара, Семей қаласының Экономикалық лицейдің «Эффект бабочки» командасы

Ағылшын лигасы:

1 орын – Семей қаласының №6 гимназияның «Апломб» командасы (Юрова Екатерина, Нигматуллина Алина);

2 орын – Бородулиха ауданының Жезкент мектеп-лицейінің «Дионис» командасы (Амангелдинов Асанали, Саубен Томирис);

3 орын - Тарбағатай ауданының Қожагелді батыр ат. ОМ «Пырақтың қос қанаты» командасы (Байжуманова Аяжан, Мұратқызы Жаннұр).

«Үздік спикер» номинациясы- Нигматуллина Алина, Семей қаласының №6 гимназияның «Апломб» командасы.

Номинациялар:

«Ең сенімді команда» - «Зерде» командасы, Абай ауданы;

«Ең мақсатты команда» - «Сана» командасы, Үржар ауданы;

«Ең креативті команда» - «Қаратай» командасы, Катонқарағай ауданы;

«Ең білімді команда» - «Сенім» командасы Күршім ауданы.

ЖЕТЕКШІЛЕР АРАСЫНДА:

Қазақ лигасы:

1 орын – Семей қаласының «Гильотин» командасы (Тұрысбеков Мирам, №18 ЖББОМ, Аманбердина Еркежан, №3 ЖББОМ);

2 орын – Бесқарағай ауданының «Сөз маржандары» командасы (Шантемиров Архат, Алмасқызы Меруерт);

3 орын – Бородулиха ауданының «Ұлағат» командасы (Нурпеисов Бауыржан, Кундызбаева Енлик);

3 орын – Аягөз ауданының «Риторика» командасы (Серікбаев Ермек, Жолбарысов Мерей).

«Үздік спикер» номинациясы – Бесқарағай ауданының «Сөз маржандары» командасының мүшесі Алмасқызы Меруерт.

Орыс лигасы:

1 орын – Бесқарағай ауданының «Случайности не случайны» командасы (Жумаханов Қазез, Даулетбаева Айжан);

2 орын - Семей қаласының «Синергия» командасы (Ахметжанов Темиржан, Мейрбеков Тілек);

3 орын – Бородулиха ауданының «Патриот» командасы (Бастамиев Самат, Мурсалимов Канат).

«Үздік спикер» номинациясы – Бесқарағай ауданының «Случайности не случайны» командасының мүшесі Жумаханов Қазез.

Сонымен қатар, "Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ-ның төрешілер коллегиясына, "Қазцинк" және "Эмиль" ЖШС-не демеушілік көрсеткендеріне білім басқармасының атынан алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!