«Табысты менеджер-2021» облыстық конкурсы

«Табысты менеджер-2021» облыстық  конкурсы

Директор - көшбасшы, директор - зияткер, директор - ол құзіретті тұлға!

Жыл сайынғы «Табысты менеджер – 2021» облыстық байқауы осындай сөздермен басталды. Конкурстың облыстық кезеңіне облыстың білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңінің  12 жүлдегер басшысылар  қатысты.

«Табысты менеджер – 2021»  кәсіби байқауы жалпы білім беру ұйымдарының  талантты және тиімді басшыларын анықтауға, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты табысты іске асыратын педагогикалық ұжымның көшбасшысы ретінде қазіргі заманғы мектеп директорының бейнесін бекітуге, қазақстандық білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сәйкес табысты жұмыс модельдерін, инновациялық, педагогикалық және басқарушылық тәжірибені таратуға бағытталған.

Әрбір  қатысушы «Директордың визит карточкасы» бейнеролигінде атқарған жұмыстарының нәтижелілігін, жеке  кәсіби қасиеттерін және жетістіктерін көрсетіп, «Білім беру менеджментіндегі менің инновациям»  жобасын ұсынды және  «Жетістік формуласы»  кезеңінде жұмыс нәтижесімен таныстырды.

Конкурстың қорытынды бөлігінде «Жыл директорына сұрақ» атты баспасөз конференциясында әрбір қатысушы оқушылардың, педагогтердың, басқарушы әріптестер мен әдіскерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, мазмұнды диалог жүргізу қабілеттерін көрсетті.

Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша әділқазы мүшелері жеңімпаздарды анықтап, білім басқарамысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен:

  1. ШҚО жалпы білім беру ұйымдарының басшылары арасында:

І орын- Ахаева Наталья Васильевна ШҚО ББ  «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры;

ІІ -орын – Муканов Арман  Шамшиденович, , ШҚО ББ  Бородулиха ауданы   бойынша   білім  бөлімінің  «Новопокровка орта мектебі»  КММ директоры;

 ІІІ орын -         Мухтарханова Раушан Абайкановна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры марапатталды.

Алғыс хаттармен:

  1. Жақсылықов Сакен Серикович, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша   білім бөлімінің «Шілікті орта мектебі»   КММ директоры;
  2. Ахметова Алия Капкеновна, ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша   білім бөлімінің  «Абылайхан атындағы ОМ-бақша»   КММ директоры марапатталды.

Облыстың шағын жинақты мектеп басшылары арасында:

І  орын -   Капанова Галия Чабанбаевна, ШҚО ББ  Катонқарағай ауданы бойынша білім  бөлімінің  «Ақсу орта мектебі»  КММ директоры;

ІІ  орын - Манапова Альфия Сайлаубековна, ШҚО ББ  Ұлан  ауданы бойынша    білім  бөлімінің  «Привольное орта мектебі»  КММ директоры ;

ІІІ орын -  Егизбаев Мақсат Делдерканович,  ШҚО ББ Күршім  ауданы бойынша білім бөлімінің  «№5 Күршім орта мектебі»  КММ директоры білім басқармасының дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Алғыс хаттармен:

  1. Камзаева Айнур Калдешовна, ШҚО ББ Тарбағатай  ауданы бойынша   білім  бөлімінің  «Жаңаталап орта мектебі»  КММ директоры;

2 .    Алтаева Шынар Акылбековна, ШҚО ББ  Зайсан ауданы бойынша   білім  бөлімінің  «Жаңатұрмыс  шағын жинақты негізгі орта мектебі»  КММ директоры;

  1. Айнабаева Майра Абдрашевна , ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің  «Көктал орта мектеп-бақша»  КММ директоры марапатталды.

Қатысушыларды құттықтай отыра,  шығармашылық табыстар тілейміз!