
ШҚО білім басқармасы IT бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес М. О. Әуезов атыдағы педагогикалық колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 20 желтоқсанда «StartTeach» аймақтық қашықтық байқауының қорытындысын шығарды.
Мақсаты – педагогикалық идеялар, бастамалар мен жобаларды анықтау, сонымен қатар педагогикалық үдеріс үшін құнды болып табылатын ТжКБ педагогтерінің озық тәжірибелерін жалпылау.
Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді:
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
І орын – Бергазиев Ербол Абзалулы (Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі);
ІІ орын – Литвинова Ольга Юрьевна (Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі);
ІІ орын - Мукажанова Меруерт Жармаковна, Мусатаева Айгерим Кайратовна, Ергалиева Айжан Бекжанкызы, Аманғалиев Дастан Амангалиұлы (Геологиялық барлау колледжі);
ІІІ орын - Тлеумбетова Гаухар Кызырхановна (Электротехникалық колледжі).