Шығыс Қазақстанның өзін-өзі тану мұғалімі «МЕЙІРІМ-ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалімен марапатталды

Шығыс Қазақстанның өзін-өзі тану мұғалімі  «МЕЙІРІМ-ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№35 орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі Жомартова Зағипа Нуржакиповна «МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі табыс етілді.

«МЕЙІРІМ-ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы қаулысымен бекітілген және балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеудегі жоғары жетістіктері үшін тапсырылды.

Зағипа Нуржакиповнаны құттықтаймыз және шығармашылық табыс, денсаулық пен кәсіби жетістіктер тілейміз!