Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебінде инклюзивті білім беруді қолдайтын ресурстық орталық ашылды

Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебінде инклюзивті білім беруді қолдайтын ресурстық орталық ашылды

2021 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ-де «ДАРА» қорымен «МАРС Қазақстан» ЖШС компаниясының қолдауымен инклюзивті білім беруді қолдайтын ресурстық орталықтың ашылуы өтті. Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды өз құрдастарымен тең дәрежеде оқыту және білім берудің инклюзивті моделін енгізу арқылы тең мүмкіндіктер жасау болып табылады.

Бұл "ДАРА" қорымен ынтымақтастықта ашылған бесінші орталық. Ашық орталықтардың арқасында облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мектептің өміріне, социумға толық көлемде қатысуда, өз бетінше әрекет етуде.