«PISA-2022 халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары» онлайн - семинары

«PISA-2022 халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары» онлайн - семинары

2021 жылғы 10 желтоқсанда жылдық іс-шаралар жоспары шеңберінде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы онлайн-режімде «PISA-2022 халықаралық зерттеуінің негізгі бағыттары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - PISA есептерін шешу арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы әдістер мен формалар бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 математика мұғалімдері қатысты.

Онлайн-семинарда:

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер А.Ю.Петруха «Кеңістік пен форма, белгісіздік және деректер» мазмұны саласында математикалық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал ететін есептерді шешу»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, И.В.Парфенова «Саны, өзгеруі және тәуелділігі» мазмұны саласында математикалық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал ететін есептерді шешу» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында спикерлер оқушылардың кесте, график, диаграмма түрінде берілген есептерді шешу, нақты жағдаяттың математикалық моделін құру, сатып алу кезінде және басқа да қаржылық мәнмәтіндерде математиканы қолдануда деректермен жұмыс істеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыс түрлерін көрсетті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және өз тәжірибелерінде жүйелі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.

Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика және информатика пәндерінің әдіскері, 87774966377.