«Педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі резерві ретінде тиімді әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық онлайн оқыту семинары

«Педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі резерві ретінде тиімді әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық онлайн оқыту семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығында 2021 жылдың 9 желтоқсанында облыс әдіскерлеріне арналған «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі резерві ретінде тиімді әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» онлайн оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі идеясы – әр мұғалімнің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік қызметінің жұмысын көрсету, жалпы ұжым, сайып келгенде – оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.

Әдіскер – оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын, өз қызметінде ғылыми-әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын: ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, педагогикалық шеберханаларды, конкурстарды, форумдарды, фестивальдерді қолданатын білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші сарапшысы Жұманова Сара Сейітқызы әдістемелік кабинеттер қызметінің негізгі бағыттарын, әдістемелік қызметінің мәселелері мен келешегін, оларды жетілдіру жолдарын, жұмыс процесінде инновациялық әдістерді қолдануды көрсетті.

Онлайн семинар барысында «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері Желпакова Айгүл Халелқызы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Айгүл Халелқызы өз баяндамасында әдістемелік жұмыс бұл педагогикалық шеберлікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің тұлғалық дамуын жүзеге асыруға және білім алуына қажетті жағдай жасау екенін түсіндірді.

Қалалық білім беру ұйымының әдістемелік қызметінің деңгейлік үлгісі және білім бөлімі қызметінің негізгі бағыттарымен ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нурпеисова Айбарша Зейноллақызы таныстырды.

ШҚО Семей қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ахметова Гүлфия Мажитқызы мектепке дейінгі тәрбие, экологиялық тәрбие, психологиялық қызмет көрсетуді тиімді әдістемелік қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті.

ШҚО Шемонаиха ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гилева Елена Александровна әдіскердің ойшыл, ұйымдастырушы, зерттеуші, стратег, тактик ретіндегі қызметі және білім беруді жаңғырту жағдайындағы бірыңғай әдістемелік орта қалыптастыру туралы айтты.

Семинар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.