
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2021 жылдың 9 желтоқсанында Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан:Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан» атты онлайн форматта өңіралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Өңіраралық конференцияға қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, біліктілікті арттыру «Өрлеу» БАҰО АҚ институтының мамандары, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтері қатысты.
Пленарлық бөлімде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Жумадилова Сайрангүл Ахметкәрімқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірді.
Конференцияның пленарлық бөлімі барысында:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы;
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті тарих факультеті, археология,этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна;
М.С. Нәрікбаев атындағы Каз ГЮУ университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Симбаева Салима Оралханқызы;
философ-әдебиеттанушы, Абайдың «Жидебай- Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейінің директоры Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы;
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім бастығы Калимолдина Жаннетта Амангелдіқызы;
Нұр-Сұлтан қаласының Адамды үйлесімді дамыту ұлттық институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Зайсанбаева Гульнар Нигметовна баяндама жасады.
Өңіралық ғылыми-практикалық конференциясы «Ұлт көсемі-Әлихан Бөкейханов: Тәуелсіздік үшін күрес», «Әлихан Бөкейханов еңбектеріндегі қазақ халқының тарихы», «Әлихан Бөкейхановтың тұлғалық бейнесі идеялық әлеуетті қалыптастыру құралы ретінде» бағыттары бойынша секциялық отырыстарда жалғасын тапты.
Іс-шараға барлығы 500 адам қатысты.
Конференция материалдары электронды жинаққа енгізіліп, ШҚО білім басқармасының білім беру порталына орналастырылады.