Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ашық жүрек" атты халықаралық ұйымдардың қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында волонтерлер слеті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  "Ашық жүрек" атты  халықаралық ұйымдардың қатысуымен  техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында волонтерлер слеті

Халықаралық еріктілер күні қарсаңында 2021 жылдың 3 желтоқсан күні Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ұйымдардың қатысумен техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында  "Ашық жүрек" волонтерлер слеті өтті.

Өткізу мақсаты еріктілердің үздік тәжірибелермен алмасу бойынша диалог алаңын ұйымдастыру, жастар ортасындағы тиімді өмірлік стратегия ретінде, еріктілер қозғалысын насихаттау болып табылады.

Слеттің негізгі міндеті - волонтерлік топтардың тәжірибе алмасуы және оларды өзара ынтымақтастыққа шақыру.

Слеттің ұйымдастырушылары ШҚО білім басқармасы, "Авиценна" Жоғары медициналық колледжінің" біілім мекемесі.

 Слет offline форматта және Қазақстан Республикасының басқа қалаларының қатысушылары мен көрші мемлекеттердің білім беру мекемелерінің қонақтары үшін  online форматта, ZOOM платформасында өтті.

Слетке барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  қатысты.

 Сонымен қатар слетке федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Великий Новгород қаласынан "Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті жанындағы медициналық колледжі", Санкт-Петербург қаласынан "В.М. Бехтерев атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі.", БМ Беларусь мемлекеттік медициналық колледж, Минск қаласы, Витебск қаласынан академик И. П. Антонов атындағы Витебск мемлекеттік медициналық колледжі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Теміртау, Петропавловск білім мекемелерінің қатысушылары бар.

Слёт жұмысында келесі жұмыс алаңдары  жүргізілді.

"Үздік волонтер портфолиосы" білім беру алаңы;

 "Волонтерлік  қозғалыстың  үздік жетекшісінің портфолиосы" білім  беру алаңы; "Үздік волонтерлік  жобаның шығармашылық  презентациясы" білім беру алаңы; "Тең теңдесті оқытады" волонтерлік қызмет тәжірибесімен алмасу бойынша дөңгелек үстел.

Оқу орындарының қызметіңдегі басым бағыттарының бірі – студенттік волонтерлікті дамыту.Өткізілген іс-шара волонтерлік клубтардың желісін дамытуды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.