«Әртүрлі типтегі мектептерде жиынтық бағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктері» әдістемелік онлайн-семинары

«Әртүрлі типтегі мектептерде жиынтық бағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктері» әдістемелік онлайн-семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен 2021 жылдың 6 желтоқсанында жылдық іс-шаралар жоспары аясында «Әртүрлі типтегі мектептерде жиынтық бағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктері» онлайн –семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты - әртүрлі типтегі мектептердегі жиынтық бағалаудың ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасу. 

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 физика  мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында:

 ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ физика пәнінің мұғалімі Горлова Ирина Михайловна «Физика» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-лицейлерде жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі Ракишева Гульмира Байгалиевна «Физика» пәні бойынша ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін жиынтық бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн-семинарды өткізу барысында мұғалімдер әртүрлі типтегі мектептер үшін «Физика» пәні бойынша 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау үшін

- жалпы білім беретін мектептер;

- гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған мектептер;

- арнайы ұйымдар, арнайы сыныптар мен топтар;

- білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша ұсыныстар алды.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.