
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған бірқатар іс-шаралар: кездесулер, көрмелер, конкурстар, сынып сағаттары өткізілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Л. Тоғжановтың 2021 жылғы 1 қазандағы №21-02/5992//21-4265 тапсырмасын орындау негізінде Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 23 педагогке - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағынан 6-15 желтоқсан аралығында «Щучинский» санаторийіне тегін жолдамалар берілді.
Сауықтыру санаторийіне баратын 23 педагогтің 15-і Өскемен қаласы, Тарбағатай, Зайсан, Ұлан, Глубокое аудандарының мектептерінен, 5 педагог - Семей қаласы, Аягөз, Үржар және Көкпекті аудандары мектептерінен.
Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2021 жылдың 5 желтоқсанында 15.00-де 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды марапаттау және сауықтыру сапарына шығарып салу рәсімін ұйымдастырды.
Марапаттау рәсімінде 4 педагог «Шығыс Қазақстан облысының Білім және ғылым қызметкерлері ұйымының жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің құрмет грамоталарымен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласының Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағында ұйымдастырылатын кездесуде 16 педагог марапатталатын болады.
Жауапты - Абетаева Гульнара Зекеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары