«PISA-2022 халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары» онлайн - семинарының БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

«PISA-2022 халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары»  онлайн - семинарының  БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы жыл сайын мектепте білім берудің Pirls, Timss, Pisa халықаралық зерттеулеріне қатысады.

PISA зерттеуі 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған академиялық білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда пайдалану және табысты әлеуметтену біліктерін анықтауға бағытталған. 2022 жылы математикалық сауаттылық басым бағыт болып табылады.

2021 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы PISA міндеттері арқылы оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы әдістер мен формалар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «PISA-2022 халықаралық зерттеуінің негізгі бағыттары» онлайн-семинарын өткізеді.

Онлайн-семинар барысында тәжірибемен бөлісетін педагогтер:

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер А.Ю.Петруха;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, И.В.Парфенова.

Онлайн-семинар 2021 жылдың 10 желтоқсанында өтеді.

Өткізу уақыты- сағат 15.00-де.

Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика және информатика пәндерінің әдіскері, 87774966377.