
2021жылдың 24 қарашасында Семей қаласындағы Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы экономика колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен рөлі» тақырыбында ШҚО ТжКБ білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Пікірсайыс турнирінің мақсаты:
- студенттердің сыни ойлау қабілетің, сөйлеу дағдысын дамыту;
- патриоттық сезімге және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- жастардың мәселелеріне қызығушылықтарын ояту және оларды шешу жолдарын іздеу;
- рухани-адамгершілік және жоғары санадағы азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
- қоғамда болып жатқан әлеуметтік және әлеуметтік-саяси процестерге қызығушылықтарын дамыту;
- жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
- толеранттылық пен азаматтық саналылыққа тәрбиелеу;
- құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс болып табылады.
Облыстық пікірсайыс турниріне 14 колледжден 32 студент қатысты. Облыстық пікірсайыстың женімпаздары болып Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы экономика колледжінің студенттері (орыс лигасы бойынша), Геологиялық барлау колледжінің студенттері (қазақ лигасы бойынша) атанды. Облыстық пікірсайыс женімпаздары республикалық пікірсайысқа жолдама алды.