TEDx форматындағы кездесу

TEDx форматындағы кездесу

2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контексінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 24 қарашада Үржар ауданының білім бөлімі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ 11 сынып оқушыларымен TEDx форматында "Қазақстанның Жүз жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, ақын, аудармашы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімен Серікжан Ерланұлы Қажытаевпен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында қонақ балалармен жылы әңгімелесті, өзінің отбасы туралы, қандай да бір қиындықтар мен кедергілерге қарамастан адал еңбектің арқасында қол жеткізген жетістіктері туралы, сондай-ақ қазіргі уақытта немен айналысатыны, болашаққа жоспарлары мен жаңа идеялары туралы айтты.

Кездесу соңында қонақ оқушыларға жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, адалдықтың, жетістікке жетудегі парасаттылықтың маңыздылығын атап өтті, оқуда сәттілік пен табыс тіледі. Балалар Серікжан Ерланұлына және ұйымдастырушыларға қызықты кездесу үшін алғыстарын білдіріп, жарқын мысалдармен шабыттандырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.