Инклюзивті білім беру бойынша облыстық мектептердің мұғалімдеріне арналған курс

Инклюзивті білім беру бойынша облыстық мектептердің  мұғалімдеріне арналған курс

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдірудің 2021 – 2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2020 жылғы            17 тамыздағы өкімімен бекітілген 2021 жылғы 1 қарашадан 10 желтоқсанға дейін 40 сағаттық бағдарлама бойынша "Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары" курстары өткізілуде.

Курстардың мақсаты-жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда заманауи технологияларды пайдалану бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Аталған курстарда облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 500 мұғалімі оқиды, оның ішінде 200 бастауыш сынып мұғалімдері, 300 пән мұғалімдері.

Курс аяқталғаннан кейін облыстың білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табыс етіледі.