Тәуелсіз елдің ұрпағы

Тәуелсіз елдің ұрпағы

2021 жылдың 20 қарашасында Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылған "Тәуелсіз елдің көркі" балалар өкілдіктерінің ІІ Республикалық слеті өтті, оған балалар өкілдіктерінің республикалық және облыстық кеңестерінің мүшелері қатысты.

Слетке қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі А. Қ. Аймағамбетов мерекемен құттықтады.

Білім және ғылым министріне, балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілдеріне өз ұсыныстарын айтты, сондай-ақ өз сұрақтарына жауап алды.

ШҚО Республикалық Ұланбасы кеңесінің өкілі Казезканова Аружан Берыкканкызы, Күршім ауданы Островский атындағы №4 орта мектебінің 9 сынып оқушысы әр мектепте балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілі сайланғанын, балалар өкілдіктерінің жұмысы, жақын арадағы жоспарлар, "Іnstagram" әлеуметтік желісінің "Z_time" республикалық парақшасының жұмысы туралы айтып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын жақсарту бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын айта алатынын тілге тиек етті.

Жалпы оқушылар атап өткендей, аталмыш жоба арқасында балалардың құқықтары мен қорғалуына қатысты мәселелерді талқылауға қатысып, балалардың сұрақтары мен мәселелеріне жауап беріп, бастамаларды насихаттауға болатынын атап өтті.